Игнатова Елена Руфовна 1955 жылы 23 желтоқсанда Ақтөбе қаласында туған. 1981 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ң филология факультетін бітірген, ал 1989 жылы аспирантураны бітірді. 1989 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Романы Ю.В. Бондарева 70-х–первой половины 80-х гг. (проблемы жанра)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (ғылым кандидаты дипломы ФЛ № 012807). 1993 жылы доцент ғылыми лауазымы берілді (ДЦ № 0000545). 1985 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде жұмыс істейді. Ұлыбритания елшілігінде, Алматыдағы Еврокомиссия өкілдігінде, Эксон-Мобил, КСЛ, Петро Қазақстан ж.т.б. шетелдік мекемелер мен компанияларда шетел азаматтарына орыс тілінен сабақ берген. АҚШ, Европа, Латын Америка, Түркия, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген студенттермен жұмыс істеу тәжірибесі бар. 1990-1991 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласына Жоғары партия мектебінде орыс тілінен сабақ беруге іссапарға жіберілді. Шетел студенттерімен жалпы жұмыс өтілі 30 жыл. Практикалық орыс тілінен (А1, А2, В1, В2, С деңгейлері), гумнитарлық және экономикалық мамандықтары үшін ғылыми сөйлеу стилінен, БАҚ (бұқаралық ақпараттық құралдары тілі), ІСТ (іскери сөйлеу тілі), интенсивті орыс тілінен, орыс тілінің тілге бейімдеу курсынан сабақ берген. Орыс тілін шет тілі ретінде оқыту мәселесіне арналған 80-нен астам ғылыми-әдістемелік мақаланың авторы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1981 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
26.07.1989 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
21.10.1993 |
0
құжаттар
0